Әйгілі актриса Дженнифер Лоуренс алғаш рет ана атанды
Опубликовано:

Америкалық актриса Дженнифер Лоуренс тұңғышын дүниеге әкелді. Бұл ақпаратты бірқатар шетелдік басылым растап отыр, деп хабарлайды lenta.ru.
Дженнифер Лоуренстің алғаш рет ана атанғаны туралы бірінші болып америкалық TMZ басылымы хабарлады.
"Ол Лос-Анджелес қаласында босанды. Бірақ, біз баланың жынысын да, қай күні туғанын да әзірге білмейміз. Дженнифердің өкіліне бірнеше мәрте хабарластық. Алайда, ол жауап берген жоқ", - деп мәлімдеді басылым өз дереккөздеріне сүйеніп.
Айта кетейік, жаңа туған сәбидің әкесі Кук Марони. Жұлдызды жұп 2019 жылдың күзінде үйленген болатын. Ал 2021 жылдың қыркүйегінде актрисаның аяғы ауыр екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957702-aigili-aktrisa-dzennifer-lourens-algas-ret-ana-atandy/