Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкең екеуміз екі дүниеде разымыз": Айдарбекова Қайрат Нұртасқа әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова мен Қайрат Нұртас: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жұлдызды ұлының туған күніне орай желіде оған әсерлі жазба арнады. Ол Қайрат Нұртасқа аналық ақ тілегін жолдап, екі дүниеде де разы екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова жүрекжарды тілегін Instagram парақшасында жариялаған. Продюсердің сөзінше, Қайрат халықтың махаббатына бөленген бала болғандықтан, оның туған күні жылда ерекше тойланады.

"Тұла бойым тұңғышым туған күнің құтты болсын құлыным! Өмірің ұзақ та мәнді болып, Алла саған бақ берсін! Өзіңнің жүрегің мейірімге толы, халықтың махаббатына бөленген ерекше ұл болғандығыңнан болар, жылда туған күнің өз ерекшелігімен өтуін Алла жазған болар. Әкең екеуіміз екі дүниеде разымыз жаным", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі де Қайрат Нұртасты ерекше құттықтаған болатын. Ол өнердегі бауырына өз ақ тілегін желіде жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957931-aken-ekeumiz-eki-duniede-razymyz-aidarbekova-qairat-nurtasqa-aserli-zazba-arnady/