Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айым Сейтметова гендер-пати жасап, болашақ сәбиінің жынысын жария етті (видео)

Опубликовано:

Айым Сейтметова жолдасымен
Фото: Instagram/aiymsm

Отандық танымал актриса Айым Сейтметова "гендер-пати" шарасын өткізіп, қалың көпшілікке болашақ сәбиінің жынысын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлі-зайыпты отбасылық ерекше шараны Алматыдағы бағалы мейрамханаларының бірінде өткізген. Онда жұлдызды жанұяның жақындары жиналған.

Дастархан басына жиналған көпшілік болашақ ана мен оның сәбиіне деген тілектерін жаудырып, баланың жынысына қатысты өз болжамдарын бөлісті.

Ал отырыс соңында ерлі-зайыпты арнайы шарды жарып, қызды болатынын білген.

Айым Сейтметова отбасылық жиынның видеосын өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958388-aiym-seitmetova-gender-pati-zasap-bolasaq-sabiinin-zynysyn-zariya-etti-video/

pixel