"Сені сондай ұзақ күттім": Түсіпбаева сүйіктісіне деген махаббатын жеткізді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева көктемнің алғашқы күні өзінің ең жақын адамдарына алғысын айтып, өз махаббатын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі ең алдымен анасы мен ұлына рахметін айтып, артынан өзінің ғашығына деген сезімін жеткізген.

Әншінің сөзінше, ол сүйіктісін ұзақ күткен. Түсіпбаева қазіргі таңда бақытты екенін айтты.

"Көктемнің алғашқы күні, құтты болсын! Бүгін - алғыс күні.
Ең бірінші, шексіз алғысым - анама. Жер бетіне қайта келу бақыты бұйырса, ойланбастан, өзімді осы өмірге әкелген - Рымкеш Төлегенқызын таңдар едім.
Одан кейін құдай берген жалғыз балама алғыс айтамын. Өйткені, балам, шын мәнінде жақсы адам. Аман болшы, алтын балығым. Көз тимесін.
Үшінші кезекте менің жүрегімнің ішіндегі жүрегіме. Күнім, рахмет. Дер кезінде пайда болып, сүреңсіз сұр өмірімді, ең ашық, ең әдемі бояуларға бояғаның үшін. Мен сені сондай ұзақ күттім", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958570-sen-sondai-uzaq-kuttim-tusipbaeva-suiiktisine-degen-maxabbatyn-zetkizdi/