"Киім үшін сөге көрмеңіздер": Зарина Омарова бөлесін өзі ұзатты (видео)

Опубликовано:

Зарина Омарова ұзатуда
Видеодан кадр: Instagram/zarina_omarova_official

Отандық танымал әнші Зарина Омарова бөлесінің қуанышына барып, ойламаған жерден оны өзі ұзатып салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі ұзатудың видеосымен Instagram парақшасында бөлісті. Онда әртістің той соңында бөлесін қолынан ұстап, әнмен шығарып салғанын көруге болады.

Зарина Омарова туысын ұзатып салу туралы ұсыныс аяқ-асты жасалғандықтан оған дайындалып үлгермегенін бірден ескертті. Сондықтан ол көпшіліктен өзін киімі үшін сөкпеуді сұрады.

"Аяқ астынан қолқа салып, алтын қыз Диана бөлемді үлкен өмірге шығарып салдық. Бақытың баянды болсын жаным. Бақытты ғұмыр кеш. Қадірлі оқырман, киім үшін сөге көрмеңіздер, бастысы екі жастың бақыты. Қалғаны бола жатар. Жақсы күндеріміз көп болсын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958610-kiim-usin-soge-kormenizder-zarina-omarova-bolesin-ozi-uzatty-video/