Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақан Сатаевтың қызы алғаш рет ана атанды (фото)

Опубликовано:

Марйам Сатай жолдасы мен қызымен
Фото: Instagram/marysatay

Отандық танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Марйам алғаш рет ана атанды. Жас актриса қызды болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен жас ананың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол перзентханада қызымен түскен алғашқы фотосын жариялап, елден сүйінші сұрады.

"Сүйікті қызым, біз сені сондай қатты күттік", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас ата-ананы жарыса құттықтап, оларға ақ тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Үлкен азаматша болсын", "Елінің мақтанышы болсын", "Қандай керемет жаңалық", "Ақан Сатаев енді ата болды", "Бақыттарың еселене берсін", "Сендер үшін аса қуаныштымыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958776-aqan-sataevtyn-qyzy-algas-ret-ana-atandy-foto/

pixel