Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл да Алланың қалауы шығар": Үш ұлымен бірге демалған Айдарбекова өз әсерімен бөлісті

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Мальдив аралдарындағы демалысы көпке дейін есінде қалатынын айтты. Жұлдызды ана үш ұлымен бірге дәл осылай балаларының кішкентай күнінде ғана демалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова барлық перзенттерімен өткен демалыстан жақсы әсер алғанын жасырмады.

Сонымен қатар, ол көпшілікті өсек айтпай, тек жақсы әңгіме айтуға шақырды.

"Сүрінгенмен жығылғанды сөз етпе,
Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте.
Бір жапырақ жерге түссе де, Алланың қалауымен. Шынында ойлап отырсам, балаларым кішкентай кезінде ғана үшеуімен бірге демалған екенмін, бұлар өскесін бірде өздерінің отбасымен, бірде 3 ұлыммен бөлек-бөлек басымыз бірге қосылып демалмаппыз.
Бұл да болса Алланың қалауы шығар. Бір өсек айтпай, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып отырайықшы.
Бүгінгі алғашқы көктем бәріңізге құтты болсын! Шуақты күндеріңіз көп болсын! Мен сіздерді жақсы көремін", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958839-bul-da-allanyn-qalauy-sygar-us-ulymen-birge-demalgan-aidarbekova-oz-aserimen-bolisti/

pixel