Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көл үстінде коньки тепкен Гүлназ Жолановаға ел тәнті болды

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова желіде жаңа видеосымен бөлісіп, елді өзіне қаратты. Өнер иесінің табиғат аясындағы бейнежазбасы көпшіліктің көңілінен шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жоланова аталмыш видеоны Instagram парақшасында жариялады. Онда актрисаның көл үстінде коньки теуіп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары бейнежазбадағы табиғатты сұлулығы мен өнер иесінің шеберлігіне тамсанған.

"Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", "Өте әдемі көрініс. Табиғат та, сіз де", "Мына видеода бәрі үйлесімді. Мінсіз", "Қазақстан табиғатының сұлулығынан айналдым. Алла шебер", "Гүлназ тамаша шыққан. Көре бергің келеді", "Сіз коньки жақсы тебеді екенсіз. Білмеппін", "Не деген өнерлі жансыз. Актриса да, жүргізуші де, енді коньки шебері екеніңізді білдім", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958869-kol-ustinde-konki-tepken-gulnaz-zolanovaga-el-tanti-boldy-video/

pixel