Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Керімбекова жол апатына түскен Саят Медеуовтің жағдайы туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова желіде ауруханадан арнайы видео жариялап, Саят Медеуов үшін алаңдаған барша жұртшылыққа үндеу жасады. Өнер иесі емханаға барып, жол апатынан зардап шеккен әріптесінің хал-жағдайын өзі біліп қайтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Керімбекова Медеуов жатқан ауруханадан видео жариялап, оның қазіргі жағдайы туралы айтты.

Сондай-ақ видеода Саят Медеуовтің да дауысын естуге болады.

"Армысыздар, қазақ елі. Бүгін Алла нәсіп етіп, Саят ағамызың емханасына келдік. Міне жеңгеміз. Саяттың жағдайы қазір, Аллаға шүкір, тәубе. Көптеген кісілер хабарласып, жағдайын сұрап жатыр. Аллаға сансыз шүкір", - деді ол.

Ақбота арқылы Саят Медеуовтің жары да қалың көпшілікке қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртас өнердегі ағасының жағдайына алаңдап, оған шипа тілеген болатын.

Айта кетейік, бұған Саят Медеуовтың жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын белгілі композитор Ербол Спаналиев хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959015-kerimbekova-zol-apatyna-tusken-sayat-medeuovtin-zagdaiy-turaly-aitty-video/

pixel