Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Қайдағы бір ақымақтарға сеніп, жерге тапталып жатқан қыздар қаншама

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет бойжеткендерге өзінің келелі кеңесін берді. Өнер иесі, ең бастысы, таңдаудан қателеспеу керектігін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде оқырмандарына өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісті. Әнші жас қыздарға болашақ жарын таңдауда қателеспеуге тырысу қажет екенін айтты.

"Ерте шықсаң да, кеш шықсаң да, бұл жерде бір ғана нәрсе маңызды - кімге шыққаның. Адам сияқты өз сөзі мен ісіне жауап бере алатын нағыз ерге жолықсаң, ерте орныңды тапқаныңа қуанасың. Онымен бірге өмірдің бар кереметін көресің. Себебі, ол сені бақытты қылу үшін бар ғажабын үйіп-төгеді.
Қысқасы, адал жүрегінен бастап, іс-әрекетіне дейін отбасы үшін тырысып жатқанын көрсете алады. Ондай адамды кешігіп тапсаң да, үлкен қуаныш. Себебі, сабырмен күткенің үшін, адаспай тапқаның үшін тағдырыңа риза боласың.
Ал керісінше жағдайда, тым қиын-ақ! Махаббатқа сенемін деп қайдағы бір ақымақтарға өзін сеніп тапсырамын деп, тамырына ерте балта шабылып, енді құлпырар шағында жерге тапталып жатқан қыздар қаншама? Қанша жасыңда шықсаң да серті бекем, қалқан болатын азамат жолықсын деп тілеймін", - деп жазды әртіс.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959237-aqbota-seiitmagambet-qaidagy-bir-aqymaqtarga-senip-zerge-taptalyp-zatqan-qyzdar-qansama/

pixel