Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анаңның беделін көтеріп жүре бер": Алтынай Жорабаева қызын туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева қызымен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева қызын туған күнімен ерекше құттықтап, оған аналық ақ тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі перзентіне деген құттықтауын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол қызына екі дүние бақытын тілеп, абыройлы әрі ақылды болып өсуін тіледі.

"Балапаным. Қошақаным. Құлыншағым. Көркемім, туған күнің құтты болсын алтыным. Алла екі дүниенің абыройын, бақытын берсін. Әлемдегі бар жақсылықты тілеймін жаным. Халқыңның, әпкелеріңнің, ата-анаңның беделін көтеріп жүретін, ақылды қыз болып өсуіңді нәсіп етсін Алла. Тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын, қымбатты оқырмандарым", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да туған күн иесін жарыса құттықтап, өз тілектерін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959248-ata-anannyn-bedelin-koterip-zure-ber-altynai-zorabaeva-qyzyn-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel