Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазалыға барған Төреғали Төреәліні жерлестері ерекше күтіп алды (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі Қазалыда
Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі Қазалыға гастрольдік сапармен барып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Жергілікті халық өнер иесін вокзалдан ерекше күтіп алып, оған естен кетпес тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төреғали Төреәлінің қазалылық жанкүйерлері оны пойыздан түскен бойда күтіп алған. Олар әнші мен оның әкесіне гүл шоғын тарту етіп, құрмет көрсеткен.

"Ұлы дала баласы" көпшіліктен мұндай тосынсыйды күтпегені анық. Ол өзінің таңғалғанын жасыра алмай, балаша қуанды.

Оден бөлек, жергілікті тұрғындар эстрада жұлдызына арнап арнайы салтанатты шара ұйымдастырыпты.

Жұлдызды әулет жылы лебізін танытып, зор құрметпен қарсы алған жерлестеріне алғыс айтты.

Төреғали Төреәлі ерекше сәттің видеосын Instagram парақшасында бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959249-qazalylyqtar-toregali-toralini-erekse-kutip-aldy-video/

pixel