Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді елімізде Голливуд фильмдері көрсетілмеуі мүмкін

Опубликовано:

Кинотеатр залы
Көрнекі фото: pixabay.com

Енді елімізде Голливуд фильмдері көрсетілмеуі мүмкін. Себебі, америкалық киностудиялар Ресеймен тікелей жұмыс істеуден бас тартты. Ал Қазақстанда көрсетілетін туындылар тікелей көрші мемлекеттен келетін. Яғни, ағылшыннан орыс тіліне Ресейде дубляж жасалады. Енді бұл мәселені шешу отандық дыбыстаушыларға жүктелуі ықтимал, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ресейге салынған санкция салдарынан америкалық кинолардан қағылуымыз мүмкін. Өйткені, DISNEY сынды алпауыт компанияның туындыларын көрші ел орыс тілінде дыбыстайтын. Сондықтан, бұл мәселе отандық кино саласының мамандарының көңілін түсіріп отыр. Олар алдағы уақытта фильмдерді тікелей АҚШ-тан алдыру тым қымбатқа түсетінін айтады.

"Америкадан Ресей арқылы келетін киноларды өзімізге тікелей жеткізетін болсақ, қып-қызыл қаражат кетеді. Ал ол Қазақстанда көрсетілген ақшасын ақтай ала ма? Бұл үлкен мәселе. Дистрибьютерлер шағын жұмыс үшін қомақты қаржы төлеуге тәуекел жасай ма? Бұл да үлкен сұрақ", - деді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының өндіріс бойынша вице-президенті Айдар Баталов.

Одан бөлек, мамандар Ресейде Америка киноларын көрсетуге тыйым салынғанымен, ол жақтағы актерлерді дубляж жасату үшін жалдауға болатынын айтады. Елімізде фильмдерді дыбыстайтын студиялар да жетерлік. Бірақ мәселе тағы да қаржыға келіп тірелмек.

"Ресей арқылы келетін Голливуд киноларынан айырылғалы тұрмыз. Елімізге шетелдік картиналарды Meloman мен Sulpak компаниялары жеткізеді. Санкция салқыны дәл бүгін-ертең сезілмесе де, алдағы уақыттары кесірін тигізуі ғажап емес. Ол кезде расымен Америкамен келісімшартқа отырып, тікелей алдыру дұрыс болар.
Бірақ логистика, дубляж және жеткізілуіне қатысты мәселелердің қалай шешілетіні әзірге белгісіз",- дейді Кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959392-endi-elimizde-gollivud-filmderi-korsetilmeui-mumkin/

pixel