Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлге аунап туам ба": Ерке Есмахан "жүктілігі" жайлы қауесеттерге жауап берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде өзіне қатысты тарап кеткен қауесеттерге пікір білдірді. Өнер иесі Instagram парақшасында өзін "аяғы ауыр" деп болжағандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмаханның "жүктілігі" туралы қауесеттер оның Мальдив аралдарында түскен бейнежазбасынан кейін тарап кеткен. Желі қолданушылары оның видеодағы дене бітіміне қарап, оны "жүкті" деп жарыса жаза бастады.

Ел арасында артық әңгіме болмас үшін өнер иесі бұл қауесеттерге нүкте қойды. Ол Instagarm желісіндегі Stories бөлімінде аяғы ауыр емес екенін айтты.

"Алла, сабыр бер маған. Бір Мальдив аралдарына барғаным жыр болды ғой. Отырсам да, тұрсам да жаңалық. Миллион адам сұраған шығар "аяғың ауыр ма?" деп. Жоқ, ауыр емес. Бұл тек орамал жиналып тұр.
Жігітім, күйеуім жоқ. Күлге аунап туамын ба?", - деп жауап берді Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959408-kulge-aunap-tuam-ba-erke-esmaxan-zuktiligi-zaily-qauesetterge-zauap-berdi/

pixel