Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тамара Асар
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Отандық танымал әнші Тамара Асар желіде қызымен түскен суретін жариялады. Өнер иесі алғаш рет көпшілікке қызын көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар перзентімен түскен фотосын Instаgram парақшасында бөліскен. Суретте әншінің қызын қолында ұстап, оған қарап тұрғанын көруге болады.

Ол аталмыш фотоны 8 наурыз мерекесіне орай жариялап, барша аруларды құттықтаған.

"Әлемді әдемілігімен әлдилеген әйел затының әсем мерекесі - 8 наурыз құтты болсын! Барша ақ жаулықты аналарды, жеңгелерді, апайларды, апаларды, келіндерді, құрбыларды, сіңлілерді, шайқұяр бөпелерді шын жүректен құттықтаймыз! "Әлсіз ғой" деп аялайтын ерлердің мәңгі музасы болайық. Олар қорғанымызды мықтасын, біз орманымызды түптейік.
Алла бізге лайым бейбіт күннің бесігін тербетуді мәңгіге еншіге берсін. Жасымызға қарамай әрбір қызжүрек жан бақыттың базарында шалқиық", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары анасы мен қызына тәнті болып, оларға жылы лебіздерін жаудырған.

"Сіздерді де мерекемен құттықтаймыз. Күшті фото", "Қандай керемет фотосессия", "Тәтті балапан", "Көз тимесін", "Сондай жылы сурет", "Бөпеңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959782-tamar-asar-kopsilikke-algas-ret-qyzyn-korsetti-foto/

pixel