Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос қызымен суретке түскен Нұрболат Абдуллин елді сүйсіндірді (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин қыздарымен
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде қос қызымен түскен суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі отбасылық фотосын халықаралық әйелдер күніне орай Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртісті қыздары құшақтап тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары аталмыш суретке сүйсіне қарап, жұлдызды әке мен оның қыздарына жылы лебіздерін білдірген.

"Қос періштеңнің мерекесі құтты болсын", "Махаббатқа толы сурет деп осыны айту керек", "Әкесінің қыздары", "Отбасыңыз аман болсын. Қыздарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Қыздарың - қызыл гүлдерің жайнап өсе берсін, артынан сол қыздардың іздеушісі ұлдар да дүниеге келсін", "Керемет, әдемі көрініс", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959891-qos-qyzymen-suretke-tusken-nurbolat-abdullin-eldi-suisindirdi-foto/

pixel