Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева жақында тағы да сәбилі болмақ

Опубликовано:

Батыр Байназаров отбасымен
Фото: Instagram/asselya_zhamakayeva

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаеваның отбасы тағы бір сәбимен толықпақ. Ерлі-зайыпты екінші перзентін күтіп жүргендерін жария етіп, гендер-пати өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалықты қос әртіс өздерінің Instagram парақшаларында бөлісті.

Әсел Жамақаева жолдасына қалай хабарлағанын видеоға түсіріп, оның әсерін көпшілікке көрсетті. Ол отағасына басқа құжат көрсеткендей күй танытып, соңында тосынсый жасаған.

Жұлдызды әке қуанышын жасыра алмай, келіншегін құшағына басты.

Жұлдызды жұп кейіннен болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін арнайы "гендер-пати" ұйымдастырған. Оның нәтижесінде олардың тағы да қызды болатыны анықталды.

Айта кетейік, бұл ерлі-зайыптының екінші перзенті болмақ. Олардың Сальма атты тағы бір қызы бар.

Бүгінде қос әртіс те өнер саласынан алыстап кетті. Олар бұрынғыдай концерттік шараларда өнер көрсетпейтін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959971-batyr-bainazarov-pen-asel-zamaqaeva-zaqynda-tagy-da-sabili-bolmaq/

pixel