Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жемқорлық болмағанда тірі жүрер еді": Төребаев әкесінің өлімі жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев әкесімен
Фото: Instagram/meirzhach_tv

Отандық танымал блогер Мейіржан Төребаев марқұм әкесін есіне алып, оның өлімі туралы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, әзілкештің әкесі 2015 жылы жүрек талмасынан көз жұмған. Вайнер әкесінің өліміне жемқорлық себеп болды деп санайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мейіржан Төребаев Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, көпшілікті қызықтыратын сауалдарға жауап берді. Оқырмандардың бірі блогерден әкесі туралы сұрады. Ол өз кезегінде, оның өмірден өткенін айтып жан сырын ақтарды.

"Әкем жүрек талмасынан 2015 жылы көз жұмды. Әкем зейнетке шығып, немерелерін бағуды армандады. 2014 жылы ата-анам Қазақстанға көшіп келді. Әкемнің денсаулығында сол кездің өзінде кінәрат бар еді, жүрегіне ота жасау қажет, ал ол үшін Қазақстан азаматтығын алуы керек болды.
Мейіржан Төребаевтың Stories-i
Скриншот: Instagram/meirzhach_tv
Біз азаматтыққа қажетті құжаттардың бәрін жинадық. Бәрін істедік. Бірақ, үнемі бір нәрсесі дұрыс болмай шыға берді. Нәтижесінде кейіннен құжатты алу үшін параны қолға беру керектігін білдім. Бермесең, қанша рет өткізсең де, құжаттарың дұрыс болмайды екен. Ол кездерде құжат тапсырғаннан кейін, үш айдың ішінде тұруға ықтиярхат алуға болатын еді. 
Мейіржан Төребаевтың Stories-i
Скриншот: Instagram/meirzhach_tv
Жемқорлық болмағанда, әкем жүрегіне ота жасатып үлгерер еді. Ақырында тұруға ықтиярхатты тек бір жылдан кейін алдық. Әкемізге енді квота арқылы ота жасата аламыз деп қуандық, бірақ бірнеше күннен кейін оның жүрегі тоқтап қалды. Егер құжаттарды тиісті мерзімде алсақ, әкем тірі болар еді. Бірақ полиция майорының сол параға мұқтаж болғаны сондай, адам өмірін қиюға тұрған екен", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960009-zemqorlyq-bolmaganda-tiri-zurer-edi-torebaev-akesinin-olimi-zaily-bar-syndyqty-aitty/

pixel