Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатовты айнытпай салған қос пародист елді тәнті етті

Опубликовано:

Пародист
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовты айнытпай салған екі азаматтың видеосы тарап, қызу талқыланып жатыр. Қалың көпшілік қос пародистің өнеріне сүйсінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, қос пародист өз өнерін паш ету үшін "Көреміз" бағдарламасына келген. Олар тікелей эфир барысында Тұрсынбек Қабатовтың дауысын айнытпай салып, өзара жарысқан.

Аталмыш видеоның үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

"Біріншісі айнытпай салыпты", "Біріншісінің түрі де ұқсап тұр", "Біріншісі көбірек ұқсайды", "Бәрібір Тұрсынбектің өзіне жетпейді", "Екеуі де мықты", "Қалай айнытпай салады? Бұл да өнер ғой", "Екіншісі жақсы келтірген секілді", "Екіншісі де керемет сомдап шықты", "Дауыстарын естігенде Тұрсынбектен ажырату мүмкін емес", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960086-tursynbek-qabatovty-ainytpai-salgan-qos-parodist-eldi-tanti-etti-video/

pixel