Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева Дубайда қалай демалғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева жолдасымен бірге шетелге демалуға ұшып кетті. Ерлі-зайыпты Біріккен Араб Әмірліктеріне баруды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесінің шетел асып кеткені жайлы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол Дубай қаласына аттанғанын желідегі оқырмандарына хабарлап, демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсеткен.

Алтынай Жорабаева өзі аралаған әсем жерлерден фото және видео жариялап, қалың көпшілікті қуантты. Эстрада жұлдызы осындай демалыс әрбір жанға бұйырсын деп тіледі.

Сонымен қатар, әнші "EXPO" көрмесіне барып, Қазақстанның павильонын өз көзімен көріп қайтқан.

Сондай-ақ Жорабаева Дубай қаласындағы танымал жағажайда да болған.

Ыстық мекенде керемет демалыс өткізген өнер иесі бүгін елге оралатынын айтты. Ол парақшасында ұшақта түскен видеосын бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960735-altynai-zorabaeva-dubaida-qalai-demalganyn-korsetti-foto/

pixel