Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіжаппар Әлқожа сәйгүлігін Нұрболат Абдуллиннің құрметіне "Нұрбуллин" деп атады

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа жаңа тұлпарына ерекше ат қойды. Ол сәйгүлігіне өнердегі досы Нұрболат Абдуллиннің құрметіне "Нұрбуллин" деп атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі бұл қызықты жайт туралы өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол тұлпарының досы секілді "жүйрік" болғанын қалайтынын жеткізді.

Әбдіжаппар "Нұрбуллиннің" есімі өнерде ғана емес, бәйгеде де танымал болсын.

"Бұл аттың аты. Бұл сәйгүліктің аты! Бұл тұлпардың аты! Бұл жаңа аттың аты! Нұрбуллин. Нұрболат Абдуллин досымның құрметіне қойдым. Нұрбуллин деген ат.

Тек өнерде емес, көкпар додасында қайнасын. Тарихта есімі ерекше болсын деп қойдым. Мен үшін, әулетім үшін Нұрболаттың орны өте бөлек. Бұйырса осы сәйгүлігіміз Нұрболат досымдай мәре бағы мықты болсын! Досымның сұлулығы, мінезі, өзін ұстауы, кербез өзіндік болмысы, денесі. Менің Нұрбуллиныма жұғысты болсын. Келер жылдан бастап топқа қосамыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961073-abdizappar-alqoza-saiguligin-nurbolat-abdullinnin-qurmetine-nurbullin-dep-atady/

pixel