Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамнан кейін ең бақытты әйел қыламын": Заңғар Нұртас сүйіктісіне деген сезімін білдірді

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Фото: Instagram/zangaar

Бірер күн бұрын шаңырақ көтерген Қайрат Нұртастың інісі желіде келіншегіне деген сезімін білдіріп, оны ең бақытты жан етуге барын салатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заңғар Нұртас Instagram парақшасында қалыңдығының ұзатуындағы видеоны бөлісіп, қалың көпшілік алдында оны ең бақытты етуге сөз берді.

"Анамнан кейін ең бақытты әйел қыламын ИншаАллах", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары оның бұл сөзіне риза болысып, жылы лебізін білдірген.

"Қалыңдығына қалай қарап тұр. Нағыз махаббат деп осыны айт", "Не деген керемет сөздер. Ана әрдайым бірінші орында тұру керек", "Жарайсың, бақытты бол", "Гүлзира ханым қандай керемет ұл тәрбиелеген. Анасын ұмытпай, бірінші орынға қойып тұр", - деп жазды көпшілік.

Сонымен қатар, жас әнші бейнежазба жариялап, жаңа түскен келіннің өз қызметіне кірісіп кеткенін көрсетті. Бойжеткен үй жинап, келіндік міндеттерін атқаруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961173-anamnan-keiin-en-baqytty-aiel-qylamyn-zangar-nurtas-suiiktisine-degen-sezimin-bildirdi/

pixel