Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертегі әлеміне түсіп кеткендеймін": Ерке Есмахан Дубайға демалысқа аттанды

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартып, демалып қайтуды шешкен. Өнер иесі Дубай қаласындағы демалысынан қандай әсер алып жатқанын өз оқырмандарына айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы шетел асып кеткенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол Дубайдан фото және видеоларды бөлісіп, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Ерке Есмахан бұл елдегі демалыстан әркез ерекше әсер алатынын жасырмады. Ол Дубайға келген сайын өзін ертегідегідей сезінетінін айтты.

"Дубайға келген сайын ертегі әлеміне түсіп кеткендей сезімде боламын! Айналаның бәрі сұлулық! Жаратушыға шексіз сенетін елге құдай ризықты үйіп берген екен. Бірақ осы жолы семіретінім анық", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесіне жақсы демалыс тілеуде. Олар шетелге жиі шығып тұратын әншіге тәнті болып, қолдауын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961190-ertegi-alemine-tusip-ketkendeimin-erke-esmaxan-dubaiga-demalysqa-attandy/

pixel