Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі: Жарымды адам кейпіндегі періштеге теңегім келеді

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы өз жолдасына жантебірентерлік жазба арнап, оған деген махаббатын жеткізді. Жас блогер сүйіктісін "Алланың өзіне берген сыйы" деп атап, оны адам кейпіндегі періштеге теңеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фариза Төреәлі күйеуіне арнаған әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол жолдасының асқан қамқорлығы мен кіршіксіз сезіміне тәнті екенін айтты.

Оған қоса, желі жұлдызы өздерінің өмірлік қағидалары туралы да айта кетті.

"Алла маған сый етіп берген жарымды - адам кейпіндегі періштем деп теңегім келеді. Оның аппақ көңілі, кіршіксіз маған деген сезімі, шынайы қамқорлығы, тең келмес қолдауы, нұрлы жүзі мен адал махаббаты жүрегімді жылытып, көңілімді жұбатады. Оның жанында мен шынайымын, өз адамың екенін білуге осы сезім-ақ жеткілікті.

Біздің қағида: өмірді жеңіл сүру, бірге өмірді тану, өсу, даму, ұмтылу, әр сәттен рахат алу, түсіністік, қолдау, сенім білдіру. Реніш, өкпе, ыза, ашу дегеннің бәрін ысырыңыз, оған уақыт жоқ. Дәл қазір барып сүйіктіңізге деген сезімдеріңізді айтыңыз. Бұл өмір - махаббатпен көркем", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961257-fariza-toreali-zarymdy-adam-keipindegi-peristege-tenegim-keledi/

pixel