Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас ұлының туған күнінде тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас ұлымен
Видеодан кадр: Instagram/zangaar

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас үлкен ұлы Нарұлды туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі баласына тосынсый жасап қуантқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртас ұлын баласын қалай құттықтағанын інілері Instagram парақшасында көрсетті. Шоу-бизнес жұлдызы ұлы мен оның достарына футболдан кейін дастархан жайып беріп, оларды тамақтандырған.

Өнер иесі футбол алаңын түрлі-түсті шарлармен безендіріп, баласына керемет көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, Нарұлды құттықтап әншімен бірге оның інілері Аян мен Заңғар да келген.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртасты ұлымен бірге көргеніне қатты қуанып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Бірге бақытты болыңыздар", "Сіздер үшін қуаныштымын, осылай достасып кетесіздер", "Неткен керемет, балаларды әкесінен айырмаңызшы, өтініш", "Бала үшін ата-ананың бірге болуы қандай бақыт", "Халық тынышталып қалатын болды-ау", - деп жазды желідегілер.

Нарұлдың туған күніндегі видеоны анасы Жұлдыз Әбдікәрімова да бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961942-qairat-nurtas-ulynyn-tugan-kuninde-ogan-tosynsyi-zasady-video/

pixel