Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Жәния Джуринская әйнек сынықтарының үстімен жалаңаяқ жүріп, елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская желіде әйнектің үстімен жүрген видеосын жариялап, елден оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары аяғы ауыр әртісті бұл қылығы үшін аяусыз сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринскаяның аталмыш видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Онда аяғы ауыр актрисаның әйнектің үстінде тұрғанын көруге болады.

Алайда, өнер иесінің бұл әрекеті желі оқырмандарының көңілінен шықпаған көрінеді. Олар әртістің қылығын сынға алған. Қалың көпшілік жүкті келіншектерге әйнектің үстімен жүрген аса қауіпті екенін ескертті.

"Бүкіл бәлені өздері шақырып алады. Баланың үсті тікенек болып туғанын қалайсыз ба?", "Енді шегеге мін, сосын жанып тұрған оттың үстінен ары-бері секір", "Жүктілік кезінде мұндайға тыйым салынған", "Нені дәлелдемекші? Не мақсатпен жасап жатыр?", "Аяғы ауыр әйелдерге мұндай жасауға болмайды", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1961974-ayagy-auyr-zaniya-dzurinskaya-ainek-synyqtarynyn-ustimen-zalanayaq-zurip-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel