Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанель Мақажанның жолдасы оған туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Жанель Мақажан сүйіктісімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Отандық жас актер Абай Асылхан әйелі Жанель Мақажанның туған күніне естен кетпес тосынсый ұйымдастырды. Ол көпшілік алдында ән салып, ғашығына деген сезімін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Асылхан ерекше құттықтауының видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда актердің аюдың киімін киіп алғанын көруге болады. Ол көпшілік алдында сүйіктісінің көңілін көтеріп, оған ән арнады.

Ал соңында отағасы бас киімін шешіп, өзінің түрін көрсетті. Мұндай тосынсыйды күтпеген Жанель Мақажан қатты таңғалып қалды. Актриса өз эмоциясына ие бола алмай, ғашығын көрген бойда жылап жіберді.

"Бүгін жаным 3 жасқа және 5 айға толды. Мен оны солай еркелеттім. Ертең жасымыз келгенде еске алатын дүние болсын деп бұл күнге ерекше дайындалдым. Туған күніңмен, жаным. Мен сені жақсы көремін", - деп жазды Абай Асылхан бейнежазба астында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962426-zanel-maqazannyn-zoldasy-ogan-tugan-kunine-erekse-tosynsyi-zasady-video/

pixel