Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңғар Нұртас ағасы мен жеңгесін қалай татуластырғанын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова, Заңғар Нұртас жарымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың келіншегімен татуласуына інісі Заңғар себеп болса керек. Бұл туралы күні жақында шаңырақ көтерген Заңғар Нұртастың өзі айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заңғар Нұртас Instagram желісінде тікелей эфир өткізіп, көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді. Жас әншінің сөзінше, оған ағасы мен жеңгесі туралы толассыз хаттар келіп түскен.

Өнер иесі олардың татуласуына қатысты пікір білдіріп, оған өз септігін тигізгенін айтты.

Тікелей эфирінің үзіндісі qaz.stars парақшасында жарияланды.

"Дайректтен оқыдым. "Екеуін қос, қос! Тойға шақыр, сен қосу керексің" деп жазды. Сонымен тойда отырдым. Тойдың ортасында жеңгелерім де келді. Соңында мен сахнаға шығып, күшті сөз сөйледім", – деді Заңғар Нұртас. 

Желі қолданушылары жұлдызды әулет кенжесінің бұл игі ісіне риза болып, оған жылы лебіздерін жаудырған.

"Жарайсың, қазақ халқын бір қуанттың. Бәріміз қуанып қалдық қой", "Өте сауапты іс жасадың. Адасқандарға жол көрсеттің. Ақыл жастан, асыл тастан деген осы ғой. Қайрат пен Жұлдыз бақытты болсын", "Жарайсың, Заңғаржан. Атыңа лайық жігіт екен. Сені қамқоршым, ақылдым деп жатыр Жұлдыз жеңгең. Сөзіңде тұрдың. Мәрттік деген осы. Ендігі жерде мәңгі бірге болсын Қайрат пен Жұлдыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962692-zangar-nurtas-agasy-men-zengesin-qalai-tatulastyrganyn-aitty/

pixel