Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіп алып, бағынбады": Айгүл Елшібаева ұшаққа мінемін деп полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты

Опубликовано:

Айгүл Елшібаева
Фото: Instagram/aigulyelshibayeva01

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева ұшақта келеңсіз оқиғаға тап болды. Өнер иесі стюардессамен сөзге келіп қалған. Оның сөзінше, қазақша білмейтін жолсерік оның сөздерін қате түсініп, үстінен "ішімдік ішіп, айтқанға бағынбады" деп шағымданған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Елшібаева басынан өткен оқиға жайлы Instagram парақшасында бөлісті. Әнші ішімдік ішпегенін растау үшін ардайы процедурадан өткен.

"Менің мәселем "Air Astana" стюардессасының, басқа ұлт өкілінің қазақ тілінде менің айтқан сөзімді түсінбей жала жапқаны мен менің үстімнен әуежай полициясына арыз жазғаны, жаныма батты. Ұшақ ұшып қонар кезде, орындығыңды түзе дегесін, 3 рет бастым да, орындық ақауы бар екен, орнына түспей, үш рет артымдағы адам итеріп, қалпына келтірді. Жабық терезені аш деді, оны аштым. "Қақылдап қоймады ғой, қанды ішіп, мына қыз, ұйықтап жатқанда" дегеніме, мен жаман сөз айтқандай, орысша тәртіпке келтіріп жатқасын, ұйқтап жатырмын, мазамды алма дедім.

"Мен сізге арызданатын боламын" деп салонға естірте айтқасын, намысыма тиіп, шыдай алмай "орындық істемесе, мен кінәлімін бе? Онда жөндеп беріңдер" деп айқайлап жібердім. Салон естіді. Екінші стюардесса "тыныш-тыныш" деп жатқасын, ұйқымды жалғастыра бердім. Борттан шығып келе жатсам екінші стюардессасы бар, қасында төрт полиция мені күтіп алды. Қолымда домбырам бар. Стюардессам мені танып, қылмыскерді ұстағандай полицейлерге мені көрсетіп тұрды. Екі полицей кетіп қалды, екеуі қалды. Полицейлер "Мына стюардесса "ішіп алған, бағынбайтын пассажир" дегесін төртеуіміз шықсақ" деп қарап тұр. Күлейін бе, жылайын ба?

Бір ауыз қазақша түсінбейтін стюардесса орыс қыз жала жауыпты. "Сіз сау екенсіз ғой, сізді мас деп жүрер, анықтама алыңыз" дегесін, өмірі арақ ішіп көрмеген ғазиз басым бөлімшеге барып аппаратына үрлеп, "мас емес" деген анықтама алдым. Стюардессам — орыс қызы, қазақша түсінем деп қояды. Бірақ, бірауыз сөйлей алмайды. Өз елінде қор болған қазақ тілім-ай. Бірауыз қазақша білмейтін стюардессаң, қазақтың әншісін танымай, адамды қылмыскердей қаралауы орынды ма? Сол күні білімді адвокат Абзал Құспанға хабарластым, бұл іс толығымен заңсыз деп отыр", - деп жазды ол.

"Air Astana" компаниясы бұл жағдайды бей-жай қалдырмай, оған қатысты пікір білдірген.

"Сіздің бұндай оқиғаға тап болғаны біз үшін өте өкінішті. Аir Astana компаниясы үшін жолаушылардың қауіпсіздігі ең маңызды шарт, сондықтан барлық жолаушылар борттағы ережелерді орындау керек. Егер қызметкеріміз сізбен дөрекі сөйлескен болса, біз міндетті түрде шара қолданамыз.

Бірақ ол үшін біз борттағы басқа жолаушылардың және әуекомпаниясы қызметкерлерінің жауабын алу керекпіз. Біз сіздің шағымыңызды клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлеріне жібереміз. Әріптестеріміз тексеріс жүргізіп, сізбен міндетті түрде хабарласады", - делінген компания мәлімдемесінде. 

скриншот
Скриншот: Instagram/aigulyelshibayeva01

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962732-isip-alyp-bagynbady-aigul-elsibaeva-usaqqa-minemin-dep-policiya-bolimsesinen-bir-aq-syqty/

pixel