Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Рахымның концертінде бидін түбін түсірген әйел елдің көңілін көтерді (видео)

Опубликовано:

Қуандық Рахым мен жанкүйері
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Отандық танымал әнші Қуандық Рахымның концертінде қызықты жағдай орын алды. Өнер иесінің жанкүйері сахнаға шығып алып, қалың көпшілік алдында биге басты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуандық Рахымның концертіндегі жайттың видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда гүл шоғын ұстаған әйелдің сахнаға, әртіске қарай бара жатқанын көруге болады. Келіншек өз сыйын әншіге тарту етіп, артынан оның қасына жақындап, бидің түбін түсірген.

Мерекелік шараға жиналған көпшілік әйелге риза болып, оған қошамет көрсетті. Қуандық Рахымның өзі де жанкүйерінен мұндайды күтпеген көрінеді. Ол әйел биге басқанда қатты таңғалып қалды.

Желі қолданушылары келіншектің батылдығы мен өзіне деген сенімділігіне тәнті болып, оған қолдау білдірді.

"Жарайсыз, сахнаға шығып билеудің өзі батылдық қой", "Бұл нағыз бақытты кісі. Ешкімнен ұялмайды, жұрт не дейді деп алаңдамайды", "Сүйікті әншісінің концертінде билегенге не жетсін?", "Тамаша, керемет көңіл күй сыйладыңыз", "Осындай кісілерге қарап мәз боламын", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962787-quandyq-raxymnyn-koncertinde-bidin-tubin-tusirgen-aiel-eldin-konilin-koterdi-video/

pixel