Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 мың теңгеден басталады": Нұрболат Абдуллин концертіне билеттер неге қымбат екенін түсіндірді

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/nurbullin

Төрт жылдан бері жеке концертін бермеген Нұрболат Абдуллин тыңдармандарымен тағы да қауышпақ. Бұл жолы әнші қалың көпшілік алдында 30 адамнан тұратын ансамбльмен бірге өнер көрсететін болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алайда, әртістің бұл ойы жанкүйерлерінің қалтасына салмақ түсіретін болып тұр. Себебі концерт билетінің құны 20 мың теңгеден басталады. Өнер иесі өзінің ән кеші неліктен қымбат екенін түсіндіруге тырысты. Бұл туралы ол "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Бұл жерде сарапшылар жұмыс істейді. Концертімді ұйымдастырып жатқан команданың басында Назгүл Қарабаллина мен өзімнің менеджерім Жасұлан Шаденов тұр. Ол кісілер есептейді. Мен тек шығармашылық жұмыспен айналысамын.

Қазір сарайға кіруге болатын халықтың үлесі 60 пайыз. 2500 орын болса, 1500 адам кіреді. Менің артымда сүйемелдейтін ансамбльдің бағасын ашық түрде айтып кетейін. Осы концертте ойнағаны, дайындығы, барлығы 7 млн теңге тұрады. Сарайды екі күнге аламыз, себебі залды бір күн бұрын дайындаймыз. Екі күнге 3 млн теңге береміз", – деді ол.

Әншінің сөзінше, үлкен сарайларда концерт беру пайда әкелмейі. Олардың мақсаты - кеткен шығынды билет арқылы жабу. 

"Бұл жерде көлік не үй алатындай жағдайға келмейді. Көрерменіме шығармашылық есеп беру. Барлығын төмен бағада сатайын десем, мына жақта дүнием құлдырайды. Менің продюсерім жоқ, өзімді өзім сүйреп келе жатырмын", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрболат Абдуллин өзінің жұбайы жайлы алғаш рет ашалып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963062-20-myn-tengeden-bastalady-nurbolat-abdullin-koncertine-biletter-nege-qymbat-ekenin-aitty/

pixel