Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Дубайда кішкентай жанкүйерінің арманын орындады (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген мен Дулат
Видеодан кадр: Instagram/kudaibergenov.dimash

Күллі әлемді ғажайып дауысымен таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген кішкентай баланың асқақ арманын орындады. Ол өзімен кездескісі келетін бүлдіршінмен Дубайда көрісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы өнер иесінің Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол жеті жасар Дулатпен кездесуі қалай өткенін айтып, әсерлі сәттен видео жариялады.

"25 Наурызда Дубайдағы концерттен кейін мен жаңа досым Дулатпен таныстым. Бұл бала маған ең бастысы – өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытты бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіріп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін "Менің арманым" жобасының ұйымдастырушыларына рахмет", - деп жазды Димаш.

Кездесуді "Менің арманым" корпоративтік қоры ұйымдастырған. Қор өкілі Шолпан Арнауттың айтуынша, олардың басты мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963108-dimas-qudaibergen-dubaida-erekse-balanyn-armanyn-oryndady-video/

pixel