Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі қарсылық білдірді": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының ораза ұстауына қатысты пікір айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы ұлымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кіші ұлының ораза ұстап бастағанын айтты. Ақпарат өкілі баласының бұл шешіміне қуанғанымен, отағасы оған қарсылығын білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы перзентіне қатысты тың мәліметтермен Instagram парақшасында бөлісті. Ол ұлы өздерін ораза ұстай алатынына қалай көндіргенін айтып, барша ауыз бекіткен халыққа тілегін жолдады.

"Сардар батырдың бірінші оразасы. Балам ораза ұстаймын дегенде мен іштей қуандым. Әкесі кішкене қарсылық білдіріп, "балам кешкі 5-ке дейін сабақтасың, одан кейін жаттығуың бар, шаршап қалмайсың ба, жағдайың болмай қалмай ма?" деп өзінен сұрады. "Жоқ, әке, бәріне шыдаймын. Былтыр аз уақыт ұстап көрдім, биыл толық 30 күн ұстағым келеді" деп өзінің шын ниеті бар екенін айтты. Ниеті қабыл болғай.

Құрметті оқырмандар, қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Ұстаған оразаларыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай. Алла тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963331-akesi-qarsylyq-bildirdi-laila-sultanqyzy-ulynyn-oraza-ustauyna-qatysty-pikir-aitty/

pixel