Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі өмір жайлы ой-толғауымен бөлісіп, көпшілікке келелі кеңесін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдарбекова әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

Ол қасыңда кім қалатынын білу үшін кейде қате шешім қабылдау керектігін алға тартты. Сондай-ақ продюсер ауыз бекіткен қалың көпшілікке өз тілегін жеткізді.

"Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестең болып жатқанда, сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек. Бұған қосар бір тағы бір ойым жеңуім үшін көп жерде жеңілуім де керек. Сәресі ішіп отырған сіздерге Алла мол сауап жазсын! Түннен төрт көзіміз түгел амандықпен оянуымызды Алла қабыл етсін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964373-gulzira-aidarbekova-artynnan-kim-ilesetinin-koru-usin-alga-syguyn-kerek/

pixel