Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізді (фото, видео)
Опубликовано:

Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізіп, Дюссельдорф қаласындағы ISS Dome аренасында қазақтың әні әуеледі, lдеп хабарлайды Dimashnews.com
Димаштың Еуропадағы көптен күткен жеке концертінде қазақстандық әртістің үлкен шоуын көру үшін Еуразия, Америка, Африка, Австралия елдерінен, әлемнің жақын және алыс бұрыштарынан көрермендер жиналды. Әнші әлемдік пандемияға дейін басталған "ARNAU" турының жаңартылғн бағдарламасын ұсынды.
Ол әдеттегідей бірнеше тілде ән орындады. Ағылшын, итальян, француз, орыс, қытай тілдеріндегі туындылардың әрқайсысының әнші шығармашылығында өз орны бар. Дегенмен, концерт бағдарламасының басым бөлігінде ана тілінде айтты.

"Әлемде бірлік болсын" және "Мен сені сүйемін" әндерін жиналғандар қосыла шырқады. Өнерпазды сахнадан жібермей, "Махаббат бер маған" және "Дайдидау" қайырмаларын бірнеше мәрте қайталады.
Ал, концерт соңында Димаш көп ұзамай Прагада кездесуге уәде берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964386-dimas-qudaibergen-algas-ret-germaniyada-koncert-otkizdi/