Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай мені сақтап қалды": Атышулы Байзақова тұрмысқа шықпақ болған кезін есіне алды

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова оқырмандарына өзіне қатысты бірқатар тың мәліметті айтып берді. Атышулы ару құмар ойындарға әуес екенін мойындады. Ол тіпті казиноларға да барғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байзақова оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға Instagram парақшасында жауап берген. Блогер құмар ойындарға әуес болса да, дер кезінде өзін тоқтата алатынын айтты.

"Мен құмар ойынға әуес адаммын. Ақшаға карта ойнадым, казинода да болдым. Сондай сәтте тоқтау қиын екенін білемін. Бірақ ақыл-ойымды іске қосып, ұтылған жағдайда кедейленіп қалмайтындай ақшаға ойнауға тырысамын. Шындығы осы. Сондықтан да жақындарымды бұл мазаламайды. Себебі қарыз алмаймын, олардың ақшаларын тікпеймін", - деді ол.

Айжан Байзақованың Stories-i
Фото: Instagram/bayzakova

Оған қоса желі жұлдызы жастау кезінде тұрмысқа шықпақ болғанын айтты. Ол бұл ойының іске аспай қалғанына қуанышты екенін жасырмайды.

"Тұрмысқа шығып кете жаздағанмын. Бірақ құдай менің жағымда, ол мені сақтап қалды. Қазір мен әлемді танымастан, үйде үш баламен, күйеуімнің шұлығы мен іш киімін жуып отырар едім. Ал оны менің кім екенім де қызықтырмас еді. Өмірге көңілім толмағандықтан және ақымақтығымнан оның миын ашытып, ақырында ажырасар едік", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964399-qudai-meni-saqtap-qaldy-atysuly-baizaqova-turmysqa-syqpaq-bolgan-kezin-esine-aldy/

pixel