Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкенбаевқа 5 мың долларға клип түсірдік": Ләйлә Сұлтанқызы продюсерлік жұмысы туралы айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің продюсер ретіндегі алғашқы жұмысын есіне алды. Ол осыдан 20 жыл бұрын әнші Алмас Кішкенбаевтың "Мәңгілікке" атты бейнеклипін 5 мың долларға түсіргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ақпарат өкілі Instagram желісіндегі Stories бөлімінде айтты.

"Бейнеклиптің тарихы да қызық. Бұл Асқар Ұхабаевтың режиссер ретіндегі алғашқы жұмысы болды. Бейнебаян бес мың долларға түсіріңлді. Сол кезде бүкіл арналар тізесін шығарғанша эфирге қойған еді. 20 жылға жуық уақыт өтсе де, өте сапалы жасалған туынды екенін мойындау керек. Ләйләнің продюсерлік жұмысы осы әнмен басталған", - деді ол.

Сұлтанқызының сөзінше, клипке кеткен қаражат кейін 10-20 есе болып қайтқан. Алмас Кішкенбаев сол кезде сұранысқа ие әнші болып, лық толы стадиондарда концерт берген еді.

Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i
Скриншот: Instagram/sultankyzy

"Міне сол клип. Бос көшедегі Алмастың жүгіріп жүргенін түсіру үшін таңғы 5.00-де түсірілім басталатын. Ең әдемі "Самал" ауданында түсірілді. Образ, имиджге қарасаңыз, жас Биланды көруге болады. Құлақтағы сырға ше? 5 карат еді ғой кадрда. Қызығы ол кезде мұндай дүниені қатты хейтить етпейтін", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964410-kiskenbaevqa-5-myn-dollarga-klip-tusirdik-laila-sultanqyzy-prodyuserlik-zumysy-turaly-aitty/

pixel