Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Айнұр Нұрсейітова төртінші рет тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Айнұр Нұрсейітова
Фото: Instagram/ainurnurseit

Ғаламтор кеңістігінде аса танымал блогер Айнұр Нұрсейітова тұрмысқа шықты. Бұл желі жұлдызы үшін төртінші неке болмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айнұр Нұрсейітова бұл жаңалығын Instagram парақшасында барша оқырмандарымен бөлісті. Бақыттан басы айналған блогер Stories бөлімінде неке қию куәлігін қалың көпшілік назарына ұсынды.

Айнұр Нұрсейітованың Stories-i
Скриншот: Instagram/ainurnurseit

Сонымен қатар әпкесінің тұрмысқа шыққанын оның сіңлісі Бота Нұрсейітова да хабарлаған болатын. Ол Айнұрдың ұсыныс жасалған күні жолдаған хабарламасының скриншотын жариялап қойды. Желі жұлдызы бұл қуанышымен ең алдымен өз отбасымен бөліскен.

Бота Нұрсейітованың жазбасына сәйкес, әпкесіне үйленуге ұсыныс 19 наурызда жасалған.

Бота Нұрсейітованың Stories-i
Скриншот: Instagram/bota_nurseitova

Желі қолданушылары Айнұр Нұрсейітованы жарыса құттықтап, оған ақ тілектерін жолдады.

Айта кетейік, бұл Нұрсейітованың төртінші некесі. Бұған дейін блогер ару үш мәрте тұрмыста болған. Алайда, үш некесі де сәтсіз аяқталған еді. Бүгінде ол екі баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964677-bloger-ainur-nurseiitova-tortinsi-ret-turmysqa-syqty-foto/

pixel