Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіз көрген ыстық пен суыққа куәмін": Жұлдыз Әбдікәрімова Айдарбекованы құттықтады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі жұлдызды енесіне деген ақ тілегін Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Оған қоса ол Гүлзира Айдарбекованың көрген қиыншылдықтарын сөз етті.

"Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді деген. Сыры да, сыны да кетпей, жыл өткен сайын жасарып келе жатқан Гүлзира Айдарбекова туған күніңізбен! 17 жасымнан бастап сіз көрген ыстығыңыз бен суығыңызға куәмін. Енді бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Әулеттің Әз анасы болып, немерелеріңіздің ортасында әдемі қартаюды жазсын.

Қарт енем, Гүлзира Айдарбекованың анасы, бар жылуы мен махаббатын маған төккен еді, кейінгі келіндер ол кісінің қамқорлығын көре алмады. Анаңыздың жаны жәннатта шалқысын, ол кісінің көре алмаған қызығын сіз көріңіз ", - деп жазды Әбдікәрімова.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас та Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен құттықтап, өз тілегін айтқан болатын. Жұлдызды баласының сөздері продюсерге қатты әсер етіп, ол көз жасына ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964745-siz-korgen-ystyq-pen-suyqqa-kuamin-zuldyz-abdikarimova-aidarbekovany-quttyqtady/

pixel