Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев пен Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/m_besbaev

54 жасқа толған Гүлзира Айдарбекова туған күнінде ауызашар беріп, артынан дүркіретіп той жасады. Белгілі продюсердің жеке мерекесіне барша ет-жақындары мен өнер жұлдыздары қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдарбекова жаңа жасын үлкен мейрамханада дүркіретіп атап өткен. Туған күн иесі көпшілік алдына ұл-келіндерімен бірге шықты. Енесінің қуанышына Жұлдыз Әбдікәрімова да келді.

Жеңгесінің отбасылық жиынға келгеніне қуанған Заңғар Нұртас оған өз алғысын білдірді.

"Келгеніңізге рахмет, жеңге, бәріміз қуаныштымыз", - деді ол.

Той кезінде Нұртас Айдарбеков жұбайына арнап ән орындады. Сондай-ақ, Қайрат Нұртас та анасының туған күнінде хит әндерін шырқады.  

Айдарбекованы құттықтап келген жұлдызды меймандар арасында Мадина Сәдуақасова, Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмахан, Шахизада, Аида Кауменова, Нұрболат Абдуллин, Бүркіт пен Аиша, Арман Дүйсенов, Айгүл Иманбаева, Жұлдызай Дүйсенбиева, Ернар Айдар, Гүлнұр Оразымбетова, Нұрлан Еспанов, Сиви Махмуди, Асхат Тарғын және тағы да басқалары бар.

Тойға келген қонақтар Айдарбекованың құшағын гүлге толтырып, өз ақ тілектерін айтты. Эстрада жұлдыздары әлеуметтік желіде қызықты кадрлармен бөлісті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964779-gulzira-aidarbekova-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel