Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойға ашық көйлек киіп келген Сиви Махмуди ел сынына ұшырады (видео)

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

Әнші Сиви Махмуди Гүлзира Айдарбекованың туған күніне ерекше образ таңдап, елден оңбай сөз естіді. Қалың көпшілік өнер иесінің ашық көйлек киіп барғанына шүйліккен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сиви Махмуди Айдарбекованың жеке мерекесіне ұзын гүлді көйлек киген. Алайда әнші таңдаған көйлектің кеудесі ашық болды. Бұл жайт желі қолданушыларына ұнамай, көпшіліктің наразылығын тудырған.

Оқырмандар әртістің қасиетті Рамазан айында ашық киінгеніне шүйліккен.

"Өте ашық алды, керегі жоқ еді", "Оразада ашық киінуге болмайды", "Көйлегіңіз түк жараспайды", "Жалаңаш шыға салмаған екен, кеудесіп сонша ашып", "Қасиетті айда бұл образ аса ерсі болды", - деп жазуда халық.

Желідегілердің сынынан кейін Сиви Махмуди суреттеріне пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп, өзін барынша ақтап алуға тырысты.

"Мақтап та, ұрсып та жатқан жандарға рахмет. Біреу көйлегің әдемі екен, біреу алды ашығы екен, деді. Тапсырыспен бердім, суретте басқаша сияқты еді. Бірақ өзім қатты ашық емес, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өзіме қатты ұнады. Өте нәзік, әдемі көйлек", –  деді ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964814-toiga-asyq-koilek-kiip-kelgen-sivi-maxmudi-el-synyna-usyrady-video/

pixel