Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжімеңіз": Қайрат Нұртастың інісі Ерке Есмаханның көлігін көрсетіп қойды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Заңғар Нұртас Ерке Есмаханның көлігін тізгіндеп, оны қалың көпшілікке көрсетті. Қайрат Нұртастың інісі тіпті автоның ішінде не бар екенін де қарап шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заңғар Нұртас Instagram парақшасында видео жариялап, онда Ерке Есмаханның өзіне жол бөгеп қойғанын айтты. Ол өнердегі әпкесінің көлігін алып тастауға шығып, оны өз оқырмандарына көрсетуді ұйғарған.

Қайрат Нұртастың інісі автоға отырып, оның ішінде не бар екенін ақтаруға кіріседі. Нәтижесінде ол тәттілерге толы пакет тауып алып, өзіне біреуісін алып қалады.

Ал Ерке Есмахан Заңғардың әрекетіне ренжігендей болып, оған неге ескертпегенін айтады. Бірақ Қайрат Нұртастың інісі бұл жағдайдан сәтті шығып, әнші арудың көңілін табады.

Желі қолданушылары Ерке Есмаханның көлігіне қызығып, өздеріне де осындай темір тұлпардың бұйыруын тіледі.

"Қандай керемет көлік", "Өте қымбат авто. Жарайсығ, Ерке", "Бізге де бұйырсын", "Қыздардың көлігі болған соң осы. Үнемі тәттілер жүреді ішінде", "Ерке өзі кішкентай болып, осындай үлкен көлік жүргізеді ма?", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965030-renzimeniz-qairat-nurtastyn-inisi-erke-esmaxannyn-koligin-korsetip-qoidy-video/

pixel