Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Tanir мен Tyomcha: Отандық жас әншілер өздері туралы қызық деректерді бөлісті

Опубликовано:

Артем мен Ринат есімді әншілер бағдарламада қонақта
Видеодан кадр: www.youtube.com/Қызық Live

Жастар арасында танымал болып кеткен "Потеряли пацана" әнінің авторлары шығу тарихымен бөлісті. Tanir мен Tyomcha есімдері арқылы көпке танылған әншілер Қызық Live бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында олар "ТНТ" арнасындағы "Игра" жобасына саундтректің қалай жазылғандығымен бөлісті.

"Бір күні Азамат Мұсағалиев хабарласты. Бізде бір жоба басталғалы жатыр, соған ән жазып көресіңдер ме деп ұсыныс айтты. Біз ойлана келе, бағымызды сынап көрейік деп шештік. Сөйтіп әнді жаздық. Соңында біздің әнімізді таңдапты. Бұл "ТНТ" каналындағы "Игра" жобасының "Мир игра" саундтрегі еді", — дейді әншілер.

Tanir мен Tyomcha лақап аттарымен белгілі әншілердің шын есімдері — Ринат және Артем. Олар неліктен осы есімдерге тоқталғанының тарихын айтты.

"Бала кезімде бір қыз болды. Мен сол қызға ұнайтыныма сенімді болдым. Бір күні ол қызға келіп: "Саған кім ұнайды" деп сұраймын. Ол: "Танир" деп жауап береді. Уайымдап, "Танир" деген кім деп жүрдім. Өйткені мен ол қызға ұнайтыныма сенімді болдым. Біраз уақыттан кейін Танир деген керісінше Ринат деп оқылатынын білдім", — дейді әнші Ринат.

Сондай-ақ, бағдарлама қонақтары танымал әндері "Потеряли пацана" әнінің шығу тарихына тоқталды. Айтуларынша, бұл ән — достарының бойжеткенмен енді қыз-жігіт боп жүре бастаған кезіне арналған екен. Одан бөлек ән жарыққа шыққан кезде досының үйлену тойы болып, бәрі сәйкес келген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965709-tanir-men-tyomcha-otandyq-zas-ansiler-ozderi-turaly-qyzyq-derekterdi-bolisti/

pixel