Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Мақпал Исабекова ерекше фотоcессия жасады

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Видеодан кадр: Instagram/makosyai

38 жасында алғаш рет ана атанғалы отырған Мақпал Исабекова ерекше фотосессия жасап, желідегі оқырмандарын тәнті етті. Бұл түсірілім үшін арнайы ішін жалаңаштаған әнші көпшіліктен өзін сөкпеуді сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұңғышын күтіп жүрген өнер иесі соңғы кезде аса көңілшек болып жүргенін айтты. Сол себепті Исабекова сырттан айтылатын сыни пікірлерді қабылдай алмайтын болған.

Әнші тіпті өзіне жағымсыз нәрселер жазатын жандарды бірден бұғайттайтынын ескерткен еді.

"Кешегі кішігірім түсірілімнен көрініс. Суреттер дайын емес әлі, әзірше бэкстейдж видеоны қабыл алыңыздар. Ұнаса жүректеріңізді аямаңыздар. Өтінем достар, айтарға жақсы сөз табылмаса, үндемей-ақ өтіп кете берулеріңізді сұраймын. Жүкті әйелдің жүрегін жараламаңыздаршы ауыр сынмен", - деп жазды ол.

Мақпал Исабекова әзірге фотосессия кезіндегі видеоны бөлісті. Ол суреттер дайын болғанда көпшілік назарына міндетті түрде ұсынатынын жеткізді.

Желі қолданушылары аяғы ауыр әншәге тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Қандай күшті түсірілім", "Тезірек балапаныңызды бауырыңызға басыңыз", "Сізден керемет ана шығады", "Сізге ана болған жарасады", "Өте нәзік фотосессия екен", "Ауырмаңыз, бақытты болыңыз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965877-ayagy-auyr-maqpal-isabekova-erekse-fotocessiya-zasady/

pixel