Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай сынағымен берді": Жасұлан Базарбай қызы жайлы әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Жасұлан Базарбаев
Фото: Instagram/jbazarbaev

"Диета KZ" тобының мүшесі Жасұлан Базарбай желіде қызына жантебірентерлік жазба арнады. Өнер иесі бұл перзентін құдайдан сұрап алғанын айтады. Ол екі ұлдан кейін қызды болғысы келіп, қатты армандаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жасұлан Базарбай қызы жайлы әсерлі жазбасын Instsgram парақшасында бөліскен. Әнші баласына деген ыстық әкелік махаббатын жеткізіп, көпшіліктен қызы үшін дұға жасауды сұраған.

Өнер иесінің сөзінше, перзенті өмірге "сынақпен" келген.

"Өмір. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір. Мен қыз баланы қатты жақсы көрем. Менің Алла берген екі ұлым бар. Қызды қатты жақсы көргенім соншалық, көшеден танымайтын адамдардың кішкентай қыздарын көрсем, барып солармен сөйлесіп кететінмін. Бірде Қызылорда қаласында жүрмін. Алдымнан бір кішкентай қыз мамасымен келе жатыр екен. Өзі сүп-сүйкімді. Келе ғой десем, жатырқамай қасыма келді. Мені бұрыннан танитындай әңгімені соғып тұр. Құшақтап, екеуміз суретке түсіп мәз болдым.

Қызды болсам деген арманым одан ары үдеді. Алла, маған қыз нәсіп етші деп шын жүрегіммен дұға жасадым. Дұғам қабыл болды. Бір жылдан соң сүп-сүйкімді, нәп-нәзік қызым өмірге келді. Бақыттан басым айналып, атын өзім қоям дедім. Есімді ұзақ таңдадым.

Енді екі ұлдан кейін 8 жылдан соң Алланың берген маған хадиясы ғой. Әдемі ат қоям деп жүріп біраз уақыт өтіп кетсе керек, анам бір күні "сендерге уақыт бердім, созып жібердіңдер ғой. Қызым жанымда еркелеп жүрсін, атын Жанерке деп қоям" деді. Бірақ Алла ол қызды "кішкене сынағымен" берді. Бәріне көнеміз, шүкір етеміз. Алла қаласа әлі-ақ жақсы болып кетеді.

Жанерке қызым бүгін 6 жасқа толды. Жаным қызым, мен саған өмірдің бар жақсылығын тілеймін. Мен сені қалай жақсы көретінімді білсең ғой... Жүрегімдегі саған деген сезімімді айтып немесе жазып жеткізу мүмкін емес, сен мен үшін тәттіден де тәттісің. Ал ағайын, қасиетті болған айда шын жүрегіңізбен қызыма дұға жасап қойыңызшы", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965921-qudai-kiskene-synagymen-berdi-zasulan-bazarbai-qyzy-zaily-aserli-zazba-zariyalady/

pixel