Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың Брюс Лиі": Нұрболат Абдуллиннің трюк жасаған видеосы желіде қызу талқыланды

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

Қазақстандық әнші Нұрболат Абдуллин спорттық трюк жасап ерекшеленді. Желі қолданушылары өнер иесін әлемдік жұлдыздармен салыстырып, оның видеосын қызу талқылап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Абдуллин аталмыш видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әншінің секіріп барып, трюк жасағанын көруге болады.

Эстрада жұлдызы өзін жаңа қырынан көрсетіп, физикалық дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

"Арасында бар енді ондайым", - деген жазба қалдырды ол бейнежазба астында.

Желі қолданушылары әртістің мұндай өнеріне тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырды. Кейбірі оны Брюс Ли мен Джеки Чанға ұқсатты.

"Керемет", "Қазақтың Брюс Лиі", "Ван Дамм ғой", "Нағыз жігіт, қолынан келмейтіні жоқ", "Джеки Чан сияқты", "Мұндай өнеріңіз бар екенін білмеппін", "Мақтауға тұрарлық азамат", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965986-qazaqtyn-bryus-lii-nurbolat-abdullinnin-videosy-zelide-qyzu-talqylandy/

pixel