Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай ыстық": Концерт кезінде Димаштың маңдай терін сүртіп берген анасына ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген мен анасы
Димаш Құдайберген мен анасы. Скриншот: Instagram/dimashusafanclub

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазір әлемдік турын жалғастыруда. Жақында ол Дубай, Прага қалаларында үлкен концерт өткізді. Желіде Чехиядағы концертте түсірілген видео таралып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде таралған видеода Димаштың анасы Света Айтбаева сахнаға жақындап, ұлының терін сүртіп береді. Бұл жылы көрініс әншінің жанкүйерлеріне қатты ұнаған.

Ананың балаға деген ерекше махаббатына куә болған көпшілік жылы лебіздерін аямай, талантты ұлды дүниеге әкеліп, тәрбие берген ата-анасына жылы лебіздерін жаудыруда.

"Ешқашан, ештеңе тең келмейтін ана махаббаты қандай керемет! Тіл-көзден аман болыңыздар", "Әлемдегі ең бақытты ана", "Анасы қандай әдемі!", "Қандай ыстық", - деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ, өнерсүйер қауым Светлана Айтбаеваның үнемі қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап жүргеніне ризашылығын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966009-qandai-ystyq-koncert-kezinde-dimastyn-mandai-terin-surtip-bergen-anasyna-el-suisindi-video/

pixel