Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзімді байлап, сиқырлап алды": Заңғар Нұртас алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас
Фото: Instagram/zangaar

Заңғар Нұртас өткен аптада анасы мен әйелімен Түркияға барып демалып қайтты. Алайда жұлдызды жанұяның демалысы белгілі бір себептерге байланысты бұзылған. Қайрат Нұртастың інісі ойда жоқта алаяқтардың арбауына түсіп, олардың қолына қомақты қаржысын ұстата салған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заңғар Нұртас Стамбулда басынан өткен жағдайды Instagram парақшасында баяндады. Ол тіпті көпшілікке өзінің алданған сәтін көрсетіп, оқиға орнынан видео жариялады.

"Күлкің де, жылағың да келеді. Бірақ бәле-жала осымен кетсін деп жатырмыз. Стамбұл қаласында Outlet орталығында сағат қарап жатқан кезде, алаяқтар келіп, мені алдап, сиқыр жасап, көзімді байлап, ақшамды сыпырып алып кетті. Өз көзіммен көргенім басқа, камерадан көргенім басқа болып шықты", - деді ол.

Белгілі болғандай, видеодағы түрік азаматы Заңғармен ақша жөнінде сөйлескен. Ол әншінің назарын басқа жаққа аударып, қолындағы ақшасын тартып алады. Ал сатушыны ұрының әйелі алдап алып кеткен.

"Қалай ақшаны қолына бергенімді түсінбей қалдым. Бұл кісі менімен танысып, жақын арада Қазақстанға баратынын айтып, өзінің долларларындағы мөрді көрсетіп: "Қазақстанға мені бұл ақшамен өткізе ма? Сенің ақшаңда осындай мөр бар ма?" - деп сұрап алды", - дейді Заңғар Нұртас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966099-kozimdi-bailap-siqyrlap-aldy-zangar-nurtas-alayaqtarga-qalai-aldanyp-qalganyn-video/

pixel