"Iphone, гауһар тасты сырға": Сәдуақасова қызылордалық досына бағалы сыйлық берді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Видеодан кадр: Instagram/kaz.stars

Әнші Мадина Сәдуақасова өзін Қызылордада үнемі құшақ жая қарсы алатын досына сыйлық жасады. Өнер иесі оған соңғы үлгідегі Iphone, ал оның анасына гауһар тасты сырға тарту етті. Желі қолданушылары әртістің асқан жомарттығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасованың бағалы сыйлықтарын беріп жатқан видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Бейнежазбада әншінің күйеуі де бой көрсетті.

Ерлі-зайыпты қызылордалық досына құрмет көрсетіп, оған отбасының атынан ерекше сыйлықтарын табыстаған.

Сәдуақасова досына Iphone сыйласа, оның анасына гауһар тасты сырға берген. Мұндай сыйды кұтпеген азамат ерлі-зайыптыға алғысын айтып, өзінің құр қол келгеніне ұялып тұрғанын айтқан.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның асқан жомарттығына тәнті болып, оларға жылы лебіздерін білдірген.

"Сыйластық деген осындай болу керек", "Мадина, жарайсың. Қандай жұлдыз болсаң да, әрдайым қарапайымдылығыңды жоғалтпайсың", "Не деген мейірім. Жақындарымызды барында бағалау керек", "Мақтауға тұрарлық іс-әрекет", "Қолы ашықтың жолы ашық", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966102-iphone-gauhar-tasty-syrga-saduaqasova-qyzylordalyq-dosyna-bagaly-syilyq-berdi/