Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диана Қырықбай: Қарапайым жігіттер жағдайымды жасай алмайды

Опубликовано:

Диана Қырықбай
Фото: Instagram/diana_kyrykbay

Тележүргізуші Диана Қырықбай не себепті қарапайым жігіттермен кездескісі келмейтінін ашық айтты. Ақпарат өкілі өзі үшін материалдық жағдай маңызды екенін жеткізді. Сөзінше, қарапайым азаматтар оның жағдайын жасай алмайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Диана Қырықбай өз талғамы жайлы бар шындықты Instagram парақшасында айтты. Ол сұлулық салонынан видео жариялап, қарапайым жігіттерге қатысты ойымен бөлісті.

"Тура осындай процедура жасап жатқан кезде видео түсіргім келіп тұр. "Тең теңімен, тезек қабымен" дейді қазақ. Көптеген жігіттер жекеме "Диана, біз қарапайым жігітпіз. Сізбен кездескіміз келеді, сізге көңілімізді көрсеткіміз келеді" дейді. Былай айтайын, мен бұл процедураны айына үш-төрт рет жасаймын. Оның бағасы 40 мың теңге, сонда айына неше шығатынын санай беріңіздер.

Мен сұлу болу үшін өзіме осыншама ақша құямын да, қарапайым жігітпен кездескім-ақ келеді. Бірақ ол менің жағдайымды жасай алмайды. Әдемі, өзін күтіп қалған қызбен кездескілеріңіз келеді ме? Онда инвестиция жасап, ақша табыңыздар. Себебі әр қыздың өз талабы бар. Немесе өзіңіз секілді қарапайым қызбен кездесіңіздер. Менікі дұрыс па? Әлде бұрыс па?", - деді ол.

Тележүргізушінің айтқан сөздеріне қатысты оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі оны қолдаса, енді бірі онымен келіспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966119-diana-qyryqbai-qarapaiym-zigitter-zagdaiymdy-zasai-almaidy/

pixel